ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
19
январь
2023

ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ


КЕЛІСІЛДІ
Кәсіподақ комитетінің
төрайымы____________________
Г.Д.Сансызбаева
«__»_____________2022 жыл БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры
_________________
Ш.Д.Агибаева «__»_____________2022 жыл




І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Мектеп әкімшілігінің санатына жатады, лауазымына мектеп директорының бұйрығымен тағайындалады және босатылады;
1.2. Тікелей мектеп директорына бағынады;
1.3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – білім беру мекемесінің жоспарлауын, мекемеде тәрбие үрдісін ұйымдастырып, осы үрдіске басшылық жасап, дамуын бақылауға алатын, сынып жетекшілерге, тәрбиешілерге, әлеуметтік, ұйымдастырушы педагогқа және аға тәлімгерге әдістемелік жетекшілік жасайтын, тәрбие үрдісіндегі нормаларды және техникалық қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз ететін басшылардың бірі болып табылады.
1.4. Тікелей бағынады:
- аға тәлімгер;
- әлеуметтік педагог;
- педагог-психологтар;
- сынып жетекшілер.
1.5. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қызметтері бойынша сынып бөлмелерінің меңгерушілері, сынып жетекшілері бағынады.
1.6. Өз қызметі бойынша басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заңдарын;
- мектеп жарғысын;
- осы лауазымдық міндетті;
- мектептің жалпы еңбек тәртібінің ережесін;
- мектеп директорының бұйрықтарын;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік білім басқару ұйымдарының құқықтық актілері мен нормативті құжаттарын;
- білім беру стандарттарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын.
1.7. Осы лауазымдық міндет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жыл 7 тамыздағы келісімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» негізінде жасалған.
ІІ. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Лауазымдық міндеттерді орындайды:
2.1. І,ІІ ауысым бойынша тәрбие жұмысын толықтай жүргізеді, жоғары басқару органдарынан келген бұйрықтар мен тапсырмаларды, қойылған міндеттерді дер кезінде орындайды және орындауды ұйымдастырады, оның орындалуын бақылауға алады;
2.2. оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбиелік жұмыстардың ағымдағы және даму жоспарын жасайды, оның өтілуін ұйымдастырады;
2.3. сынып жетекшілердің, аға тәлімгердің және өзіне тікелей бағынатын қызметкерлердің жұмыстарын үйлестіреді;
2.4. қажетті тәрбие-әдістемелік құжаттарды дайындауды үйлестіреді және ұйымдастырады;
2.5. тәрбие үрдісінің, үйірмелердің сапасын, сыныптан тыс шаралардың өтілуін қадағалайды;
2.6. сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларға, үйірме жаттығуларына қатысады, олардың түрін және мазмұнын талдайды, талдау нәтижесін педагогтардың назарына ұсынады;
2.7. тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша сұрақтармен ата-аналарды (оларды алмастыратын тұлғаларды) қабылдайды, ата-анамен байланысты дамытуды ұйымдастырады;
2.8. педагогикалық қызметкерлерге заман талабына сай тәрбиелік бағдарламаларды және технологияларды жасауға және іске асыруға көмек көрсетеді;
2.9. сынып жетекшілердің, аға тәлімгердің және өзіне тікелей бағынатын қызметкерлердің белгіленген есеп құжаттарын өз уақытында сапалы және толық жасалуын бақылайды, қамтамасыз етеді;
2.10. мектеп оқушылары және ұстаздары арасында мәдени-ағартушылық, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шаралар өткізілуін қадағалайды;
2.11. үйірме жұмыстарына оқушыларды тартуды ұйымдастырады;
2.12. оқушылар тарапынан мектеп жарғысының және ішкі еңбек тәртібі ережесінің сақталуын қадағалайды;
2.13. педагогикалық кадрларды таңдауға қатысады, олардың біліктілігін және педагогикалық шеберлігін арттыруды ұйымдастырады, өз біліктілігін көтереді;
2.14. тәрбие процесін дамыту барысына ұсыныстар жасайды, мектеп педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;
2.15. мектеп педагогикалық қызметкерлерінің және өзге қызметкерлердің аттестаттауға дайындалуына және өтуіне көмектеседі;
2.16. сынып жетекшілерге және өзіне тікелей бағынатын қызметкерлер тарапынан өздеріне жүктелген оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2.17. еңбекті қорғау ережелерін қатаң қадағалап, қоғамдық пайдалы жұмыстарды, тәрбие үрдісін ұйымдастырады;
2.18. қызметкерлермен, оқушылармен орын алған қайғылы оқиғаларды тексеруде, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша әкімшілік-қоғамдық бақылау жүргізуге қатысады;
2.19. сынып жетекшілерге, топ, үйірме, спорт секциясы, саяхат, еңбек бірлестіктері, қоғамдық пайдалы еңбек топтарының және т.б. жетекшілерге, соның ішінде оқушылардың еңбегін қорғау сұрақтары бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
2.20. тиісті құжаттарды дайындау арқылы еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздігі сұрақтары бойынша өзіне тікелей бағынышты қызметкерлерге нұсқаулық жүргізеді;
2.21. үйірмелерге арналған техникалық қауіпсіздік нұсқаулығын жасайды;
2.22. оқушылармен тәрбие үрдісіне қатысты іс-шаралар өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық нормаларды, міндеттемелерді, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуына бақылау жасайды және шаралар қолданады;
2.23. тәрбие үрдісіне қатысты бақытсыз жағдайлардың алдын-алу мақсатында оқушылармен және олардың ата-аналарымен іс-шаралар ұйымдастырады;
2.24. оқушылармен тәрбие үрдісін жүргізуге ата-аналарды тартуды ұйымдастырады, бірлесе жұмыс істеудің жүйесін жасайды;
2.25. мектептен тыс тәрбие беру бойынша балаларға қосымша білім беру мекемелерімен, өзге мекемелермен мектеп арасында іскерлік қарым-қатынас орнатады;
2.26. педагогтардың қоғамдық ережесіне сәйкес мектептегі, қоғамдық жерлердегі этикалық нормалардың орындалуын қадағалайды;
2.28. мектеп бойынша тәрбие жұмысына қатысты хаттар мен сұрақтарға жауап береді, ата-аналар мен басқа да органдармен іскерлік байланыста болады;
2.29. ата-аналар жиналысының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне
2.27. балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста болу, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар бойынша құрылым, кәмелеттік жасқа толмаған балалар инспекторымен қарым-қатынаста болу;
2.28. мектеп бойынша технология, дене тәрбиесі, бейнелеу, музыка пәнінің жүргізілуіне және сапасына жетекшілік етеді;
2.29 тәрбие жұмысына қатысты есептердің барлығының уақытында тапсырылуына жауапты.
2.31. мектепте «Қамқорлық» айлығының өткізілуін қадағалайды
2.32. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік, мүліктік емес құқықтары бойынша, патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен қамтамасыз ету жұмыстарына қатысады;
2.33. мектепте өткізілетін тәрбие іс-шараларына қатысуға барлық қиын оқушылардың, аз қамтылған, оралман және көп балалы отбасы оқушыларының қамтылуын қадағалайды;
2.34. мектептегі Алдын алу кеңесі, Сынып жетекшілер кеңесі, Ата-аналар комитеті жұмыстарын жүргізеді;
2.35. оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды қадағалайды;
2.36.тәрбие жұмыстарының мазмұны мен нәтижелілігі бойынша мониторинг жүргізеді;
2.37. тәрбие жұмыстарының барлық бағыттары бойынша іс-шаралар құжаттарын жүргізеді;
2.38.Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын;
- білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
- педагогика, психология негіздерін;
- жалпыға міндетті білім беру стандартын;
- педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметтері туралы заңнамаларды, еңбек, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
III. ҚҰҚЫҚТАРЫ
Өз құзыреті шеңберінде мыналарға құқылы:
3.1. тікелей бағынышты қызметкерлердің жұмыстарын тексеруге, олардың өткізіп жатқан сабақтарына және іс шараларына қатысуға, оларды бұйрықты орындауға міндеттеуге (сабақ өту барысында және іс-шаралар өту кезінде ескерту жасай алмайды);
3.2. керек болған кезде сабақ, үйірме кестелеріне, уақытша өзгеріс енгізуге;
3.3. қызметкерлерден қажетті мәліметтерді, құжаттарды, түсініктемелерді талап етуге.
IV. ЖАУАПТЫ
4.1. Белгісіз себептермен Мектеп жарғысын және Ішкі еңбек тәртібінің ережесін, директордың заңды тапсырмаларын және өзге локальды құжаттарды, осы лауазымды нұсқаулықты толық орындамағаны үшін және ішінара орындамағаны үшін, оның ішінде берілген құқықтарын қолданбағаны үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде анықталған тәртіп бойынша тәртіптік жазаға тартылады. Еңбек тәртібі өрескел бұзылған жағдайда тәртіптік жаза лауазымынан немесе жұмыстан босатылуға әкеліп соғуы мүмкін.
4.2. Білім беру ұйымының оқу-тәрбие үрдісі бойынша өрт қауіпсіздік, еңбек тәртібі, санитарлы-гигиеналық ережесі бұзылған жағдайда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік жазаға тартылады;
4.3. Білім беру ұйымына өз құзіреті аясында білім беру үрдісіне байланысты шығын келтірсе анықталған заңнамаларға сәйкес материалдық жауакершілікке тартылады.
V. ЛАУАЗЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
5.1. мектеп директоры бекіткен 40 сағаттық (оның ішінде пәнге берілген 9 сағаты қосылады) жұмыс апталығымен құрылған, нормаланбаған жұмыс уақыт ережесімен жұмыс жасайды;
5.2. әр жылға және әр тоқсанға өзінің жұмысын жоспарлайды. Жұмыс жоспары жоспарланған мерзім басталарға бес күн қалғанға дейін мектеп директорымен бекітіледі.
5.3. әр тоқсан аяқталарға он күн қалғанда өзінің жұмысы бойынша мектеп директорына жазбаша түрде есеп тапсырады;
5.4. өз қызметінің құзіреті аясында мектепке қатысты жұмыстар бойынша бұйрықтардың жобасын жасайды.
5.5. директорды әртүрлі деңгейдегі жиналыстарда және семинарларда алынған ақпараттармен дер кезінде құлағдар етеді.
VI. БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жоғары педагогикалық білім, педагогикалық лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.


Лауазымдық міндетіммен таныстым, қолыма бір данасын алдым және оны жұмыс орнымда сақтауды міндетіме аламын:

_______________________________

«_____» _____________ 2022 жыл