ДИРЕКТОРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ДИРЕКТОРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
19
январь
2023

ДИРЕКТОРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ


КЕЛІСІЛДІ
Кәсіподақ комитетінің
төрайымы____________________
Сансызбаева Г.Д.
"___"_____________2022 жыл
БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры
_________________
Ш.Д.Агибаева
«___»_____________2022

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары мектеп әкімшілігінің санатына жатады, лауазымына мектеп директорының бұйрығымен тағайындалады және босатылады;
1.2. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады;
1.3. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары – білім беру мекемесінің шаруашылық-әкімшілік жоспарлауын, оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, оқу мен еңбектің салауатты және қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуін, мектептің шаруашылық байланыстарын және іскерлік қарым-қатынастарын іске асыратын басшылардың бірі болып табылады.
1.4. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады:
- шаруашылық меңгерушісі;
- медбике;
- кіші қызметші персоналдар;
- жұмысшылар;
- күзетшілер;
- электрик;
1.5. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарына қызметтері бойынша сынып бөлмелерінің меңгерушілері, зертханашылар, сынып жетекшілері бағынады.
1.6. Өз қызметі бойынша басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заңдарын;
- мектеп жарғысын;
- еңбек шартын;
- осы лауазымдық міндетті;
- мектептің жалпы еңбек тәртібінің ережесін;
- мектеп директорының бұйрықтарын;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік білім басқару ұйымдарының құқықтық актілері мен нормативті құжаттарын.
1.7. Осы лауазымдық міндет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 7 тамыздағы келісімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» негізінде жасалған.
ІІ. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары:
2.1. мектептің материалдық-техникалық базасына толық жауап береді. Бұл мақсатта ол:
- мектепте шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырып, оны дамытуға басшылық жасап, бақылауға алады;
- материалдық жауапкершілікті толық мойнына алады;
-мектепті жаңа оқу жылына толық дайындайды
- мектепте тұрақты температуралық режимді сақтауға, электр жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне жауап береді;
- мектептің психологиялық-моральдық климатын сақтайды;
- кабинет мүліктерін тексереді, қабылдайды;
- қаржының және материалдық жабдықтардың өз уақытында дұрыс, тиімді жұмсалуын қадағалап, сараптайды;
- материалдық-техникалық базаның жағдайына сараптама жасайды;
-материалдық-техникалық базаның даму стратегиясын іріктеу мақсатында білім берудегі қаржылық жағдайдың өзгеру тенденцияларын қарастырып отырады;
- шаруашылық жұмыстарының ағымдағы және перспективалық түрдегі жоспарын жасайды;
- оқу бөлмелерін және басқа да орындарды өмір талабына сай жабдықтармен, оқытудың көрнекілік құралдарымен, ОТЖ-мен жаңартып отыруды ұйымдастырады;
- мектептің санитарлық, өрт қауіпсіздігі және апатсыздық жағдайына, энергия көздерінің үнемді пайдаланылуына жауап береді, мектептің жылуы және жарық режимін сақтау шараларын ұйымдастырады;
- техникалық қызмет көрсетуге, жөндеу жұмыстарына қажетті шаруашылық келісім-шарттарын уақытында талапқа сай жасауды ұйымдастырады;
- материалды-техникалық жабдықтармен, кеңсе заттарымен, жууға қажетті заттармен, жабдықтармен өз уақытында қамтамасыз етеді;
- шаруашылық қызметкерлерін тиімді таңдауды, орналастыруды жүзеге асырады және олардың жұмыс кестесін жасайды;
- материалдық-техникалық жабдықтау және техникалық қызмет көрсету бағыттары бойынша мектептің серіктестерімен келіссөз жүргізуіне қатысады;
- мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын жетілдіруге қабілетті жеке тұлғалармен, ұйымдармен мектеп атынан іскерлік байланыстар орнатады;
- мектептегі өз қызметіне қатысты міндеттерді қадағалайды және бұйрық жобаларын жасайды;
- мектеп ауласында көркейту-көгалдандыру жұмысын ұйымдастырады;
- бiрыңғай тiзбеде көрсетiлмеген, оның iшiнде еңбек қауiпсiздiгi техникасы комиссиясының рұқсатынсыз (тиiстi рұқсат актiсiз) шеберханаларда, кабинеттерде қолдан жасалған жабдықтарды пайдалануға тыйым салады;
- еңбек қорғау жұмысын ұйымдастырады, жарақатталу мен кәсiби сырқаттың алдын-алу шараларын жасайды;
- өндiрiстiк және энергетикалық жабдықтар, машиналар мен механизмдер, қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалану кезiнде қауiпсiздiк техникасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi;
- материалды құнды заттарды жинақтау және сақтау технологиясының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, ауыр заттарды тасымалдау нормасын, тұрмыстық және қосалқы жұмыс орындарының санитарлық-тазалық жағдайын қадағалайды;
- желдеткiш қондырғыларының дұрыс пайдаланылуы мен тиімді жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
- нақты еңбек жағдайларын есепке ала отырып, әр жұмысшы және қызмет көрсетушi мамандық иелерi үшiн қауiпсiздік техникасы туралы нұсқаулар әзiрлейдi, кәсiподақ комитетi мен мекеме басшысына бекiтуге ұсынады;
- тиiстi органдармен бiрлесiп, қазандар және су жылытатын құрылғылар, тығыз және сұйылтылған газ сақталатын ыдыстар, компрессорлар, электрлi қондырғылар және т.б. агрегаттар және қауiптілiгi жоғары механизмдермен жұмыс iстейтiн адамдарды оқытуды ұйымдастырады;
- тiкелей жұмыс орнында нұсқауларды бірнеше қайталап өткiзедi, жұмысшының бiлімдерiн тексередi, өз бетiмен жұмыс iстеуге рұқсат берiп, оны жұмыс орнындағы нұсқауларды тiркейтiн журналға тiзiп жазады;
- ғимараттарды, құрылыстар мен мекеме аумағын пайдаланудың қауiпсiздiк техникасы мен өндiрiстiк санитария талаптарына сай болуын қамтамасыз етедi;
- мекеме аумағында адамдар мен көлiк қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
- жөндеу жұмыстарын, ғимарат пен жұмыс орындарындағы желдеткiш және жылу, электр, санитарлық-тазалық қондырғыларын, электрлi арматура, су құбыры мен желiлiк құдықтардың кезектi жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастырып отырады;
- су құбыры, газ құбыры, канализациялық арна, жылу және электр тораптарының жұмыс iстеуiн жүйелi бақылауды жүзеге асырады;
- мерзiмдi iшкі тексерулер, техникалық зерттеулер өткiзудi ұйымдастырады су жылытқыштарды тазартып отырады;
- қалыптасқан нормаларға сәйкес жұмысшыларды арнайы жұмыс киiмі, т.б. жеке қорғаныс құрал-жабдықтармен қамтамасыз етедi.
- арнайы жұмыс киiмi, аяқ киiмдердi жөндеу, дезинфекциялауды қамтамасыз етедi, оларды есепке алып, мұқият тексерудi ұйымдастырады.
- ғимараттар меп құрылыста өртке қарсы жабдықтардың болуын қамтамасыз етiп, өрт сөндiру құралдарының дұрыстығын тексередi.
2.2. Қызмет көрсетуші персоналдардың жұмыстарына басшылық жасайды, жұмыс мазмұны бойынша нұсқау береді. Ол үшін:
- қызмет көрсетуші персоналдардың жұмысының сапалы болуын тексереді;
- мектеп күзетшілерінің жұмысын тексереді;
- кабинет кілттерін түгендеп отырады;
- вахташы қызметкердің тіркеу журналын тексереді;
- мектептің түнгі кезекшілігін дұрыс ұйымдастырады;
- қызмет көрсетуші персоналдардың ай сайынғы табелін жасайды;
2.3. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары білуі тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын;
- еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын;
- санитарлық ережелер мен нормаларды;
- Мектеп жарғысын.
ІІІ. ҚҰҚЫҚТАРЫ
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары өзінің лауазымы аясында мыналарға құқықты:
3.1. тікелей бағынышты қызметкерлердің жұмыстарын тексеруге, оларды бұйрықты орындатуға;
3.2. керек болған кезде жұмыс кестелеріне уақытша өзгеріс енгізуге;
ІV. ЖАУАПТЫ
4.1. Белгісіз себептермен Мектеп жарғысын және Ішкі еңбек тәртібінің ережесін, директордың заңды тапсырмаларын және өзге локальды құжаттарды, осы лауазымды нұсқаулықты толық орындамағаны үшін және ішінара орындамағаны үшін, оның ішінде берілген құқықтарын қолданбағаны үшін директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде анықталған тәртіп бойынша тәртіптік жазаға тартылады. Еңбек тәртібі өрескел бұзылған жағдайда тәртіптік жаза лауазымынан немесе жұмыстан босатылуға әкеліп соғуы мүмкін.
4.2. Білім беру ұйымының оқу-тәрбие үдерісі бойынша өрт қауіпсіздік, еңбек тәртібі, санитарлы-гигиеналық ережесі бұзылған жағдайда директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік жазаға тартылады;
4.3. Білім беру ұйымына өз құзыреті аясында білім беру үдерісіне байланысты шығын келтірсе, анықталған заңнамаларға сәйкес материалдық жауапкершілікке тартылады.
V. ЛАУАЗЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары:
5.1. директор бекіткен уақытқа сәйкес жұмыс апталығымен құрылған, нормаланбаған жұмыс уақыт ережесімен жұмыс жасайды;
5.2. өз қызметінің құзыреті аясында мектепке қатысты жұмыстар бойынша бұйрықтардың жобасын жасайды.

VI. БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жоғары немесе арнаулы орта білім,