ПСИХОЛОГТІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ПСИХОЛОГТІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
19
январь
2023

ПСИХОЛОГТІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ


КЕЛІСІЛДІ
Кәсіподақ комитетінің
төрайымы____________________
Г.Д.Сансызбаева
«___»_____________2022 жыл БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры
_________________
Ш.Д.Агибаева «___»_____________2022 жыл








І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Психолог мектеп мамандарының санатына жатады, лауазымына мектеп директорының бұйрығымен тағайындалады және босатылады;
1.2. Психолог тікелей директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бағынады;
1.3. Психолог – І ауысым бойынша мектепте тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, дамыту және психологиялық қызмет бойынша іс-шаралар кешенін, оқушының психология-медицина-педагогикалық ерекшеліктерін, оның қоршаған ортасын, өмір сүру жағдайын тексеруді іске асыратын, білім беру мекемесінің әлеуметтік қорғау мекемелерімен байланыстарын және іскерлік қарым-қатынастарын орнататын мамандардың бірі болып табылады.
1.4. Психологке тікелей бағынады:
- сынып жетекшілері;
-пән мұғалімдері.
1.5. Өз қызметі бойынша басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заңдарын;
- мектеп жарғысын;
- осы лауазымдық міндетті;
- мектептің жалпы еңбек тәртібінің ережесін;
- мектеп директорының бұйрықтарын;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік білім басқару ұйымдарының құқықтық актілері мен нормативті құжаттарын;
- білім беру стандарттарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын.
1.6. Осы лауазымдық міндет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 7 тамыздағы келісімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» негізінде жасалған.
ІІ. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Мектеп психологі:
2.1.Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің және Білім басқармасының нұсқауларын, бұйрықтарын басшылыққа алады;
2.2. психологиялық сұрақты қарауда және шешім қабылдауда кәсіби біліктілігін және қызмет міндетін қатал сақтайды;
2.3. психология ғылымындағы жаңа жетістіктерді және соның ішінде әлеуметтік практикалық жас ерекшелік пен педогогикалық психологияны біледі;
2.4. диагностикалық, психологиялық дамыту, психологиялық түзету, психологиялық сауықтыру жұмыстарында қазіргі ғылыми дәленденген әдістемелерді қолданады;
2.5. үнемі өзінің кәсіби біліктілігін көтеріп отырады;
2.6. психологиялық мамандыққа мамандандырылмаған адамдарды түзету, диагностикалық және басқа психологиялық сұрақтар бойынша сұрақтар жүргізуге жол бермейді;
2.7. оқушылардың психологиялық дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оқушылардың жеке мәселелерін шешуге байланысты әкімшілікке, педогогикалық ұжымға көмек және жеке тұлғаға көмек көрсетеді;
2.8. мамандық құпиясын сақтайды, диагностика қорытындысынан алынған мәліметті және кеңес жұмыстарын таныстыру зерттелушіге немесе оны қоршаған адамдардарға зиянын тигізетін болса жария етпейді;
2.9. оқу-тәрбие жұмыс жоспарларына, педогогикалық кеңесте және оқу орнының басшылары қабылдаған шешімдерге психологиялық сараптама жүргізеді;
2.10. қазіргі оқу-тәрбие үдерісінде жеке және ұжымдық оқу топтарының дамуындағы психологиялық дәйектілік пен практикалық нәтижелілік жағдайында мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, мұғалім-әкімшілік, мұғалім-ата-ана, ата-ана-оқушы өзара қарым-қатынасын сараптайды;
2.11. оқушының оқу орнындағы өмір жағдайына бейімделуіне оқытушымен бірлесе отырып, ғылыми дәйектемелік бағдарлама жасайды және оның орындалуын қадағалайды;
2.12. оқушыларға дер кезінде әлеуметтік көмек көрсетеді және сүйеніш болу үшін жеке мәселелерін талдайды;
2.13. сынып оқушыларының мектеп жұмысына, сабаққа қатысу деңгейін бақылайды;
2.14. үлгерімі төмен оқушыларды анықтайды, себебін нақтылайды, психологиялық көмек жұмыстарын жүргізеді;
2.15. психологиясы әлсіз, әр түрлі жағдайда өзін басқара алмайтын, суицидтік жағдайға бейім оқушылар мен қызметкерлерді анықтайды, дер кезінде кәсіби көмек беруді ұйымдастырады;
2.16. баланың жанұя қалпын зерттейді, сынып жетекшілері мен ата-аналар арасындағы тәрбие мәселесі бойынша тәжірибе насихатының өтілу сапасын бақылайды;
2.17. сынып жетекшілері, ата-аналар комитетінің мүшелері және инспектормен бірлесе отырып, қиын оқушылардың мінез-құлқын түзету жұмысын жүргізеді;
2.18. оқушылармен мектепішілік «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы бағытында профилактикалық жұмыстарына қатысады;
2.19.«Қамқорлық» айлығын өткізуге қатысады;
2.20. оқушылардың жеке психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді;
2.21. мұғалімдермен, ата-аналармен, басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды;
2.22. білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;
2.23. жоғарғы органдардан келген бұйрықтар мен тапсырмаларды, қойылған міндеттерді дер кезінде орындауды, ұйымдастыруды, орындалуына бақылау жасауды іске асырады.
2.24. мектеп бойынша психологиялық қызметке қатысты хаттар мен сұрақтарға жауап береді, ата-аналар мен басқа да оқу-тәрбие ісіне қатысты органдармен іскерлік байланыста болады;
2.25. Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарды және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
- педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың психологиясын;
- валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін;
- педагогикалық-психологиялық және диагностикалық әдістерді;
- тәрбие жұмысы әдістерін, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын;
- психологиялық жұмысты жоспарлау және талдау;
- еңбек туралы заңнамалар негізін;
-еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын;
- санитарлық ережелер мен нормаларды.
III. ҚҰҚЫҚТАРЫ
Психолог өз құзыреті шеңберінде мыналарға құқылы:
3.1. тікелей бағынышты қызметкерлердің жұмыстарын тексеруге;
3.2. қызметкерлерден қажетті мәліметтерді, құжаттарды, түсініктемелерді талап етуге.
IV. ЖАУАПТЫ
4.1. Белгісіз себептермен Мектеп жарғысын және Ішкі еңбек тәртібінің ережесін, директордың заңды тапсырмаларын және өзге локальды құжаттарды, осы лауазымды нұсқаулықты толық орындамағаны үшін және ішінара орындамағаны үшін тәртіптік жазаға тартылады. Еңбек тәртібі өрескел бұзылған жағдайда тәртіптік жаза лауазымынан немесе жұмыстан босатылуға әкеліп соғуы мүмкін.
4.2. Білім беру ұйымының оқу-тәрбие үрдісі бойынша өрт қауіпсіздік, еңбек тәртібі, санитарлы-гигиеналық ережесі бұзылған жағдайда психолог- педагог әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік жазаға тартылады;
4.3. Білім беру ұйымына өз құзіреті аясында білім беру үрдісіне байланысты шығын келтірсе анықталған заңнамаларға сәйкес материалдық жауакершілікке тартылады.
V. ЛАУАЗЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС
Психолог:
5.1. мектеп директоры бекіткен 40 сағаттық (оның ішінде пәнге берілген 9 сағаты қосылады) жұмыс апталығымен құрылған, нормаланбаған жұмыс уақыт ережесімен жұмыс жасайды;
5.2. әр жылға және әр тоқсанға өзінің жұмысын жоспарлайды. Жұмыс жоспары жоспарланған мерзім басталарға бес күн қалғанға дейін мектеп директорымен бекітіледі.
5.3. әр тоқсан аяқталарға он күн қалғанда өзінің жұмысы бойынша мектеп директорына жазбаша түрде есеп тапсырады;
5.4. өз қызметінің құзіреті аясында мектепке қатысты жұмыстар бойынша бұйрықтардың жобасын жасайды.
5.5. директорды әртүрлі деңгейдегі жиналыстарда және семинарларда алынған ақпараттармен дер кезінде құлағдар етеді.
VI. БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жоғары педагогикалық білім

Лауазымдық міндетіммен таныстым, қолыма бір данасын алдым және оны жұмыс орнымда сақтауды міндетіме аламын:

_________________________________________________________

«____»_____________2022 жыл