ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
19
январь
2023

ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

Ж. БАЛАСАҒҰНИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ

КЕЛІСІЛДІ
Кәсіподақ комитетінің
төрайымы____________________
Г.Д.Сансызбаева
«___»_____________2022 жыл БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры
_________________
Ш.Д.Агибаева «__»_____________2022 жыл

ДИРЕКТОРДЫҢ
ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ
ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

орынбасары мектеп әкімшілігінің санатына жатады, лауазымына мектеп директорының бұйрығымен тағайындалады және босатылады;
1.2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады;
1.3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – мектепте
оқу үрдісін ұйымдастыруға және осы үрдістің дамуына бақылау жасап, жетекшілік етуге, педагогикалық ұжымға әдістемелік жетекшілік жасауға және кәсіби дайындығына, мектеп аумағындағы еңбек тәртібін қадағалауға, оқу үрдісінде еңбек қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің сақталуына жауапты басшылардың бірі болып табылады.
1.4. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады:
- мұғалімдер;
- сынып жетекшілері;
1.5. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына қызметтері бойынша сынып бөлмелерінің меңгерушілері, зертханашылар бағынады.
1.6. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары өз қызметі бойынша басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заңдарын;
- мектеп жарғысын;
- еңбек шартын;
- осы лауазымдық міндетті;
- мектептің жалпы еңбек тәртібі ережесін;
- мектеп директорының бұйрықтарын;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік білім басқару ұйымдарының құқықтық актілері мен нормативті құжаттарын;
- білім беру стандарттарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын.
1.7. Осы лауазымдық міндет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 7 тамыздағы келісімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» негізінде жасалған.
ІІ. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:
2.1. педагогикалық ұжым жұмысының ағымдағы және даму жоспарын ұйымдастырады;
2.2. мұғалімдердің және өзге де педагогикалық қызметкерлердің оқу жоспарын және бағдарламасын орындау бойынша жұмыстарын үйлестіреді;
2.3. барлық пәндердің сапалы оқытылуын қадағалайды;
2.4. білім беру үдерісінің сапасын, оқушылардың білімі, білігі, дағдысы (ББД) нәтижесінің әділ бағалануын жүйелі түрде бақылауды, нәтижелілігі бойынша мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;
2.5. сабақтарға және мектептің педагогикалық қызметкерлері тарапынан өтетін оқу жаттығуларының өзге де түрлеріне қатысып, олардың түрі мен мазмұнын талдайды және талдау нәтижесін педагог қызметкерлерге жеткізеді;
2.6. 5-11 сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындау, қорытынды аттестаттаудан өтуі бойынша жұмыстарды және 11-сыныптарды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау жұмыстарын ұйымдастырады;
2.7. 1-11 сынып оқушыларының оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады;
2.8. ОШ-1, тарификация және басқа да бекітілген есеп құжаттарын жасауды қамтамасыз етеді;
2.9. 1-11 сыныптарды жинақтауға қатысады;
2.10. оқушылар тарапынан ішкі еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды;
2.11. педагогикалық кадрларды таңдауға қатысады, олардың біліктілігін және педагогикалық шеберлігін арттыруға қатысады, өз біліктілігін көтереді;
2.12. білім беру үдерісін дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесіне қатысады;
2.13. педагогикалық кадрлардың біліктілігін және педагогикалық шеберлігін арттыруды ұйымдастырады, өз біліктілігін көтереді;
2.14. білім беру үрдісінде еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің сақталуы бойынша жұмыстар жүргізеді;
2.15. оқушыларға дер кезінде техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргізілуін және оның журналға тіркелуін бақылайды;
2.16. мектеп директорының және жоғарғы білім органдарының бұйрықтарын мұғалімдерге және қызметкерлерге дер кезінде жеткізілуін ұйымдастырады және оның орындалуын тексереді;
2.17. 1--11 сыныптарда оқу-тәрбие үрдісіне қатысты сұрақтар бойынша ата-аналарды (оларды алмастыратын тұлғаларды) қабылдайды;
2.18. қызметкерлермен, оқушылармен орын алған қайғылы оқиғаларды тексеруде, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша әкімшілік-қоғамдық бақылау жүргізуге қатысады;
2.19. 1-11 сыныптардың сабақ кестесін және білім беру жұмыстарының өзге түрлерінің кестесін жасайды, уақытша жұмыста болмаған мұғалімдердің сапалы және дер кезінде алмастырылуын ұйымдастырады, жіберілген және алмастырылған сабақ есептерінің журналын толтырады;
2.20. педагогтардың қоғамдық ережесіне сәйкес мектептегі, қоғамдық жерлердегі этикалық нормалардың орындалуын қадағалайды;
2.21.оқу кабинеттерінің, зертханалардың, мектеп мүлкінің сақталуын қадағалайды:
2.22. мектеп бойынша оқушылардың қозғалыс есебіне жауапты;
2.23. мектеп бойынша барлық жаратылыс циклі пәндеріне жетекшілік етеді, сапасына жауапты;
2.24. түскен хаттар мен сұрақтарды шешеді, ата-аналармен, жоғары органдармен іскерлік байланыста болады;
2.25. бейіндік пәндердің жүргізілуіне бақылау жасайды;
2.26. мектеп бойынша педагог кадрлардың ай сайынғы жалақы табелін жүргізеді;
2.27. үйде оқытылатын оқушылардың оқу кестесі мен сабақтарының жүргізілуіне бақылау жасайды;
2.28. білім беру ұйымының қызметі бойынша педагог қызметкерлерді таңдауға қатысады;
2.29. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары білуге міндетті;
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;
- педагогика мен психология негіздерін;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;
- педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
- еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын;
- санитарлық ережелер мен нормаларды.
III. ҚҰҚЫҚТАРЫ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары өз құзіреті шеңберінде мыналарға құқылы:
3.1. тікелей бағынышты қызметкерлердің жұмыстарын тексеруге, олардың өткізіп жатқан сабақтарына және іс шараларына қатысуға, оларды бұйрықты орындауға міндеттеуге (сабақ өту барысында және іс-шаралар өту кезінде ескерту жасай алмайды);
3.2. керек болған кезде сабақ, үйірме кестелеріне, уақытша өзгеріс енгізуге;
3.3. қызметкерлерден қажетті мәліметтерді, құжаттарды, түсініктемелерді талап етуге.
IV. ЖАУАПТЫ
4.1. Белгісіз себептермен Мектеп жарғысын және Ішкі еңбек тәртібінің ережесін, директордың заңды тапсырмаларын және өзге локальды құжаттарды, осы лауазымды нұсқаулықты толық орындамағаны үшін және ішінара орындамағаны үшін, оның ішінде берілген құқықтарын қолданбағаны үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде анықталған тәртіп бойынша тәртіптік жазаға тартылады. Еңбек тәртібі өрескел бұзылған жағдайда тәртіптік жаза лауазымынан немесе жұмыстан босатылуға әкеліп соғуы мүмкін.
4.2. Білім беру ұйымының оқу-тәрбие үрдісі бойынша өрт қауіпсіздік, еңбек тәртібі, санитарлы-гигиеналық ережесі бұзылған жағдайда директордың І ауысым бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік жазаға тартылады;
4.3. Білім беру ұйымына өз құзіреті аясында білім беру үрдісіне байланысты шығын келтірсе анықталған заңнамаларға сәйкес материалдық жауакершілікке тартылады.
V. ЛАУАЗЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
5.1. мектеп директоры бекіткен 40 сағаттық (оның ішінде пәнге берілген 9 сағаты қосылады) жұмыс апталығымен құрылған, нормаланбаған жұмыс уақыт кестесімен жұмыс жасайды;
5.2. әр жылға және әр тоқсанға өзінің жұмысын жоспарлайды. Жұмыс жоспары жоспарланған мерзім басталарға бес күн қалғанға дейін мектеп директорымен бекітіледі.
5.3. әр тоқсан аяқталарға он күн қалғанда өзінің жұмысы бойынша мектеп директорына жазбаша түрде есеп тапсырады;
5.4. өз қызметінің құзіреті аясында мектепке қатысты жұмыстар бойынша бұйрықтардың жобасын жасайды.
5.5. уақытша болмаған жағдайда (еңбек демалысы кезінде, денсаулық жағдайына байланысты және т.б.) директордың және оның орынбасарларының міндетін атқарады. Міндетін атқару Еңбек заңнамасы және Мектеп жарғысына сәйкес мектеп директорының бұйрығына негізінде іске асырылады.
5.6. директорды әртүрлі деңгейдегі жиналыстарда және семинарларда алынған ақпараттармен дер кезінде құлағдар етеді.
VI. БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілінің 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Лауазымдық міндетіммен таныстым, қолыма бір данасын алдым және оны жұмыс орнымда сақтауды міндетіме аламын:
___________________________