ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
19
январь
2023

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ


КЕЛІСІЛДІ
Кәсіподақ комитетінің
төрайымы ____________________
Г. Д.Сансызбаева
«___»_____________2022 жыл БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры
_________________
Ш.Д.Агибаева «___»_____________2022 жыл



І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Әлеуметтік педагог мектеп мамандарының санатына жатады, лауазымына мектеп директорының бұйрығымен тағайындалады және босатылады;
1.2. Әлеуметтік педагог тікелей директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бағынады;
1.3. Әлеуметтік педагог – мектепте тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау бойынша іс-шаралар кешенін, оқушының психолгия-медицина-педагогикалық ерекшеліктерін, оның қоршаған ортасын, өмір сүру жағдайын тексеруді іске асыратын, білім беру мекемесінің әлеуметтік қорғау мекемелерімен байланыстарын және іскерлік қарым қатынастарын орнататын мамандардың бірі болып табылады.
1.4. Әлеуметтік педагогқа тікелей бағынады:
- оқушыларды әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша сынып жетекшілер.
1.5. Өз қызметі бойынша басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заңдарын;
- мектеп жарғысын;
- осы лауазымдық міндетті;
- мектептің жалпы еңбек тәртібінің ережесін;
- мектеп директорының бұйрықтарын;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік білім басқару ұйымдарының құқықтық актілері мен нормативті құжаттарын;
- білім беру стандарттарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын.
1.6. Осы лауазымдық міндет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 7 тамыздағы келісімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» негізінде жасалған.
ІІ. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Әлеуметтік педагог:
2.1. бiлiм беру ұйымдарында және тұрғылықты орындары бойынша бiлiм алушыларды, тәрбиеленушiлердi, балаларды тәрбиелеу, оларға бiлiм беру, тұлғалық дамыту және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асырады;
2.2.бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, балалардың тұлғалық әлеуметтiк-психологиялық ерекшелiктерiн, олардың өмiр сүру жағдайын зерделейдi;
2.3.бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, балалардың қызығушылықтары мен қажеттiлiктерiн, қиындықтары мен проблемаларын анықтап, оларға уақтылы әлеуметтiк көмек және қолдау көрсетедi;
2.4.кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк қорғалуын, мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарын қамтамасыз етедi;
2.5.бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша сынып жетекшiлерi мен тәрбиешiлердiң жұмыстарын үйлестiредi және жоспарлайды;
2.6.ата-аналар комитетiмен өзара әрекеттестiктi қамтамасыз етедi, оқушыларға уақытылы әлеуметтiк көмек және қолдау көрсету мақсатында олардың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайына талдау жасайды;
2.7.балаларды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша сынып жетекшiлерiнiң кәсiби құзыреттiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
2.8.әлеуметтiк қорғалмаған отбасы балаларын, жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жәрдемақымен және зейнетақымен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады;
2.9.мектеп бiтiрушiлерiнiң жұмысқа тұру мәселелерi бойынша бақылауды қамтамасыз етедi;
2.10.жетiмдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер үшiн оқулықтар, тегiн ыстық тамақ берудi ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етедi және үйлестiредi;
2.11.сынып оқушыларының мектептің қоғамдық жұмысына және сабаққа қатысу деңгейін бақылайды;
2.12.сынып жетекшілердің «тәуекел топтарындағы» балалармен жасайтын жұмысының жүйесін, жанұямен жұмыс жүйесін, сабақ үлгерімі нашар оқушылармен жұмысын зерделейді;
2.13.сынып жетекшілер, ата-аналар комитетінің мүшелері және инспектормен бірлесе айына бір рет рейд (кешкілік қалада, ойын орталықтарында, белгілі мекендерге) ұйымдастырады;
2.14. «Қамқорлық» айлығының өткізілуіне жауапты;
2.15.мектеп психологімен біріге отырып, қиын оқушылармен жұмыстар жүргізеді;
2.16.білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады;
2.17. әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын анықтайды;
2.18.белгiленген тәртiпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақытылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етедi.
2.19.Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары бiлуге мiндеттi:
Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының " Бiлiм туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тiл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Арнайы әлеуметтiк қызметтер туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және басқа да бiлiм берудi дамытудың бағыттары мен келешегiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi;
- педагогика мен психология негiздерiн;
- мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын;
- педагогиканы;
- педагогикалық психологияны;
- педагогикалық ғылым мен практиканың жетiстiктерiн;
- экономика негiздерiн;
- еңбек туралы, қаржы- шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды;
- еңбектi қорғаудың, техника қауiпсiздiгi және өртке қарсы қорғанудың ережелерi мен нормаларын;
- санитарлық ережелер мен нормаларды.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiм және педагогикалық жұмыс өтiлi немесе бiлiм беру ұйымдарында басшы лауазымында 5 жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң болуы тиiс.
III. ҚҰҚЫҚТАРЫ
Әлеуметтік педагог өз құзіреті шеңберінде мыналарға құқылы:
3.1. тікелей бағынышты қызметкерлердің жұмыстарын тексеруге;
3.2. қызметкерлерден қажетті мәліметтерді, құжаттарды, түсініктемелерді талап етуге.
IV. ЖАУАПТЫ
4.1. Белгісіз себептермен Мектеп жарғысын және Ішкі еңбек тәртібінің ережесін, директордың заңды тапсырмаларын және өзге локальды құжаттарды, осы лауазымды нұсқаулықты толық орындамағаны үшін және ішінара орындамағаны үшін, оның ішінде берілген құқықтарын қолданбағаны үшін әлеуметтік педагог Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде анықталған тәртіп бойынша тәртіптік жазаға тартылады. Еңбек тәртібі өрескел бұзылған жағдайда тәртіптік жаза лауазымынан немесе жұмыстан босатылуға әкеліп соғуы мүмкін.
4.2. Білім беру ұйымының оқу-тәрбие үрдісі бойынша өрт қауіпсіздік, еңбек тәртібі, санитарлы-гигиеналық ережесі бұзылған жағдайда әлеуметтік педагог әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік жазаға тартылады;
4.3. Білім беру ұйымына өз құзіреті аясында білім беру үрдісіне байланысты шығын келтірсе анықталған заңнамаларға сәйкес материалдық жауакершілікке тартылады.
V. ЛАУАЗЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС
Әлеуметтік педагог:
5.1. мектеп директоры бекіткен 40 сағаттық (оның ішінде пәнге берілген 9 сағаты қосылады) жұмыс апталығымен құрылған, нормаланбаған жұмыс уақыт ережесімен жұмыс жасайды;
5.2. әр жылға және әр тоқсанға өзінің жұмысын жоспарлайды. Жұмыс жоспары жоспарланған мерзім басталарға бес күн қалғанға дейін мектеп директорымен бекітіледі.
5.3. әр тоқсан аяқталарға он күн қалғанда өзінің жұмысы бойынша мектеп директорына жазбаша түрде есеп тапсырады;
5.4. өз қызметінің құзіреті аясында мектепке қатысты жұмыстар бойынша бұйрықтардың жобасын жасайды.
5.5. директорды әртүрлі деңгейдегі жиналыстарда және семинарларда алынған ақпараттармен дер кезінде құлағдар етеді.
VI. БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман:
Жоғары педагогикалық білім

Лауазымдық міндетіммен таныстым, қолыма бір данасын алдым және оны жұмыс орнымда сақтауды міндетіме аламын:

____________________________

«____»_____________2022 жыл