" Жомарт түлек","Жаныңда жүр жақсы адам" кездесу кеші » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Жомарт түлек","Жаныңда жүр жақсы адам" кездесу кеші
29
май
2023

" Жомарт түлек","Жаныңда жүр жақсы адам" кездесу кеші

Шу ауданы, Ақсу ауылы, Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінде
" Жомарт түлек"жобасы аясында "Жаныңда жүр жақсы адам" тақырыбында кездесу кеші болып өтті.
Мақсаты: түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген белгілі түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету.
Кездесуге Ақсу ауылдық округінің алқа биі, қамқоршылық кеңесінің төрағасы ,кәсіпкер, ағаш ұстасы Ахметов Нұрболат Тоқтағұлұлы шақырылды.10-11сынып оқушыларымен өткен отырыста түлекке түрлі сұрақтар қойылды. "Ел басқару оңай ма?..", "Сіз таңдаған мамандық...", "Сенім деген не?" деген сияқты сұрақтарға Нұрболат мырза асықпай, оқушыларға түсінікті етіп жауап беріп отырды.Сонымен қатар ұсталыққа қалай келгендігі, оған мұғалімінің қалай бағыт-бағдар бергендігін қызықты етіп айтып берді.Соңында жас ұрпаққа табысты болудың қыры мен сырын айта отырып қиындыққа төзе біліп, жалқаулықты серік етпей еңбектену керектігі айтылды.

https://m.facebook.com/groups/1597841503618080/permalink/6248002495268601/?sfnsn=mo&ref=share&mibextid=VhDh1V