М.Шахановтың 80 жылдығына орай «Поэзия дарабозы »аты көркем сөз оқу байқауы » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » М.Шахановтың 80 жылдығына орай «Поэзия дарабозы »аты көркем сөз оқу байқауы
31
январь
2023

М.Шахановтың 80 жылдығына орай «Поэзия дарабозы »аты көркем сөз оқу байқауы

Ж.Баласағұни атындағы орта мектепте 2022-2023 оқу жылында жоспарға сәйкес М.Шахановтың 80 жылдығына орай «Поэзия дарабозы »аты көркем сөз оқу байқауы юолып өтті. Мақсаты: өлең құдіретін түсіне білу, мағынасын түсіну, туған тілге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Мектептің акт залына тақырып ілініп, мектеп кітапханашысы Қасымова Дәмира Меденқызы ақын туралы бұрыш көрме ұйымдастырды. Байқауға 7-10 сынып ұлдары арасынан 16 ұл бала қатысты. Әр түрлі тақырыптардағы өлеңдерін жатқа оқыды. Ақсу ауылдық мәдениет үйінің жетекшісі Жұмабеков Бақытбек демеушілік жасап, оқушыларға кішігірім сыйлықтар, қойын дәптерлер үлестірді.
Жүргізуші 9-сынып оқушысы Жұмахан Бекнұр ақын туралы біраз мәлімет берді. Ортаға байқау үміткерлерін шақырып таныстырып өтті. Ауыл ақыны Жұмабеков Бақытбек іс-шараның мақсатын түсіндіріп өтті.Байқауға жақсы дайындық пен келген оқушылар өлеңдерін оқып шықты. Көрермен қошемет білдіріп отырды. Өлең оқуда оза шапқан оқушылар 7-сынып оқушысы Александр Жомарт, 8-сынып оқушысы Сатарқұл Мағжан, 9-сынып оқушысы Биғазы Бағдәулет, Жұмахан Бекнұр, 9-сынып оқушысы Сәт Санжар, 7-сынып оқушысы Талғат Нұрсұлтан, 10-сынып оқушысы Құмарбек Санжар.
Нәтижесінде 1-орынды 7-сынып оқушысы Александр Жомарт,2-орынды 8-сынып оқушысы Сатарқұл Мағжан, 3-орынды 9-сынып оқушысы Биғазы Бағдәулет жеңіп алды. Қатысушылардың барлығына естелікке қойын дәптерлір үлестірілді.
1-орын Александр Жомарт 2-орын Сатарқұл Мағжан 3-орын Биғазы Бағдәулет