Ж.Баласағұни атындағы орта мектепте «Менің Отаным - Қазақстан» кіші жобасы» » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ж.Баласағұни атындағы орта мектепте «Менің Отаным - Қазақстан» кіші жобасы»
31
январь
2023

Ж.Баласағұни атындағы орта мектепте «Менің Отаным - Қазақстан» кіші жобасы»

Ж.Баласағұни атындағы орта мектепте «Менің Отаным - Қазақстан» кіші жобасы»
аясында туған өлкенің тарихи киелі орындарын танып, білуге бағытталған экскурсия
бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шара жоспарға сәйкес қазан айында мектеп оқушылары Ақтөбе қалашығына саяхат жасап қайтты. 5 «а»сынып , 5 «ә»сынып, 6 «а»сынып,6 «Ә»сынып,7 «а» сынып,7 «Ә»сынып,8 «а»сынып 8 «Ә»,9,10,11сынып оқушылары мен сынып жетекшілері: 9.00 де мектеп ауласына жиналды. Олар өз елінің патриоты екендігін сезініп саяхатқа көтеріңкі
көңілмен аттанды. Ұстаздары қалашықтың тарихымен таныстырды.
Қазақстан-қайталанбас табиғаты мен ежелден келе жатқан мәдениеті , өз алдына тарихы бар үлкен мемлекет.Жер қойнауы табиғи байлықтарға толы. Біздің туған жеріміздің де тарихы сырға толы. Тарих пәні мұғалімі Нусипалиева Нұризат ежелгі қала Баласағұн туралы оқушыларға біраз мағлұмат берді. Оқушыларға «Осы ауыл қашан пайда болды?», «Ауыл неліктен Баласағұн аталған?», «Көше атауларына кімдердің атын қойғанды дұрыс көресің?» деген сияқты ой шақыру сұрауларына жауап берді.

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әрбір азамат үлес қосу керек. Халқымыз «Отан от басынан басталады» дейді. Яғни Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер»бағдарламсын көп болып қолдауымыз керек.


Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры-тұнып тұрған тарих.Осы өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттерін оқушыларға таныстыру керек. Саяхаттың мақсаты да осы тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып тарихын білу.

Есім Әдемі: Мен өз ауылымды мақтан етемін. Оның әрбір тасы, әрбір жусаны қымбат маған. Туған жерімнің тарихын білу, оны құрметтеу менің парызым –деп өз ойын түсінікті жеткізе білді.
Оқушылар көкейдегі сұрауларын беріп жатты. Тарих пәні мұғалімі барлық сұраққа орнықты жауап берді. Ежелгі қаланың мәдениетімен, тіпті онда су ағатын құбырлардың болғаны, және моншаның сақталуы жайында айтылғанда қызыға тыңдасты. Жыл сайын Алматыдан білімгерлер келіп қазба жұмыстарын жүргізеді. Ал мұнда табылған құмыра, диірменнің тасы секілді заттарды Алматы қаласындағы мұражайда екендігін білді. Мектепте ашылған мұражайда да біраз дүниелер бар.
Ал бұл ежелгі қалада ақын, ғұлама, атақты Жүсіп Хас Хаджип Баласағұн дүниеге келген екен. Осы жерде ұстаздар оның атақты кітапты «Құтты білік» туралы, нақыл сөздері туралы да біраз айтып өтті.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ауылымызға жан-жақтан қонақтар көп келді. Олар ауыл тарихымен танысып, табиғатына тамсана риза болысты.