Тәрбие жұмысы » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2016

Тәрбие жұмысы

Жүсіп Баласағұни атындағы орта мектепте Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің 13.03.2016 жылғы №02-1928 хатына сәйкес 5-11сыныптарда мамыр айының 16-23 аралығында «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу жұмыстарын төмендегіше атқарып, өткізді.
16 мамыр күні «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында іс- шара жоспары құрылып, мектеп директорының мөрімен бекітілді.
17 мамыр күні жоспарға сәйкес мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Макулбеков Бакыт Есімұлы 5-11 сынып арасында «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дәрісін оқыды. Дәріске 5-11 сынып бойынша 112 оқушы қатысты.
18 мамыр күні 6 сынып жетекшісі Нұрбекова Сымбат «Сыбайлас жемқорлық туралы не білеміз?» тақырыбында сынып сағатын өткізіп, сыныбын үш таоқа бөліп әп топқа сыбайлас жемқорлық туралы жағдаяттар мағынасында тапсырмалар беріп нәтижесінде қанағаттанарлық жауаптар ала білді.Сыныбындағы 18 оқушысы толық қатысты.
Сынып сағаты география кабинетінде өткізілді. Сыбайлас жемқорлық туралы оқушылар толық білімдерін жетілдіре білгені сынып сағатынан анықталды.Кемшіліктері бойынша ұсыныстар айтылып: АКТ-ны қолдана отырып, видеороликтер көрсету керек еді.



19 мамыр күні 5сынып жетекшісі Абдыкалыкова Жұлдыз «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты биология кабинетінде өткізілді. Сыныбындағы 18 оқушы толық қатыстырылып, берілген жауаптарға толық жауап берді. Аудиториялық көңіл күй өте жақсы. Шара мақсатына жетті. Оқушылар тарапынан өте жақсы қатысты.Шара қанағаттанарлық деп табылды.

20 мамыр күні 7 «А»сынып жетекшісі Сансызбаева Гүлсанат сыныбы арасында орыс тілі кабинетінде «Жемқорлықпен күресу- басты міндетіміз» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Көрнекіліктері жеткілікті. Оқушылары сынып сағатына жақсы дайындықпен келген. Сынып сағатының міндеттері мен мақсатында ара қытынас жүйелі.




21
21 мамыр күні 7 «Ә» сыныбының жетекшісі Төлендиева Жұмакүл «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағатына 14 оқушысы толық қатысты. Оқушылары жоспарға сәйкес дайындықпен келген. Сыбайлас жемқорлыққа арналған көріністер көрсетіліп, оқушыларының сыбайлас жемқорлық туралы білімдері анықталды.Оқушы мен мұғалім арасында қарым-қатынас бар.


23 мамыр күні жоспарға сәйкес 10 сынып жетекшісі Умирбекова Айда «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты :
Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру. АКТ-ны қолдана отырып сынып сағатын өткізді. Оқушылары жақсы дайындықпен келгендігі анықталды.



Сондай-ақ, 23 мамыр күні 8 сынып жетекшісі Такимжанова Дильбара «Жемқорлықпен күресу- баршамыздың алға қойған міндетіміз» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Сынып сағатына 16 оқушысы толық қатысты. Сынып сағаты орыс тілі кабинетінде өткізіліп, көрнекіліктері жеткілікті жағда орын алды.Мұғаліммен оқушы арасында қарым-қатынас бар. Сынып сағатының міндеттері мен мақсаты сәйкес келеді.



Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Макулбеков Б