Ж.Баласағұни атындағы шағын орталықты орта мектептің қамқоршылық кеңес хаттамасы » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ж.Баласағұни атындағы шағын орталықты орта мектептің қамқоршылық кеңес хаттамасы
03
декабрь
2020

Ж.Баласағұни атындағы шағын орталықты орта мектептің қамқоршылық кеңес хаттамасы

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жүсіп Баласағұни атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының
ХАТТАМАСЫ № 2
Ақсу ауылы 29.11.2020ж
Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры, АПБ инспекторы

Күн тәртібінде:
1. Жүсіп Баласағұни атындағы шағын орталықты орта мектебінің директоры Ш.Д. Агибаеваның 2020-2021 оқу жылының І- жарты жылдығының есебі.
2. Жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аудандық полиция инспекторы аға лейтенант Б.М.Досумовтың есебі.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Ш.Д.Агибаева 2020-2021 оқу жылына жоспарланған міндеттемелермен таныстыра отырып өткен 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстарға шолу жасап өтті өткен оқу жылының ІҮ- тоқсанында елімізде жарияланған карантинге байланысты мектеп оқушыларының қашықтықтан оқытылғандығы және ондағы кездескен қиыншылықтар туралы айтып өтті.
Сонымен қатар биылғы 2020-2021 оқу жылының карантинге байланысты мектеп оқушыларын «Дәстүрлі оқыту» түріне ауыстыру туралы ата-аналар өтінішін қанағаттандырып, 26.08.2020 жылғы «Қамқоршылық кеңесінің» отырысы оң шешім шығарып бергендігіне ата-аналар мен ұстаздар атынан рахметін жеткізді.
Жалпы биылғы оқу жылында 41 ұстаз, 266 оқушыға дәріс беріп жатқандығы және барлық іс-шаралар оқу жылының жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқандығы туралы айтты. Мектеп ұстаздары мен оқушылары әртүрлі аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатынасып жатқандығы туралы және онда орындарға ие болып жүрген ұстаздар мен оқушылар туралы айтып өтті.
Биылғы пандемияға байланысты мектеп асханалары жұмыс істемейтіндігі, сондықтан да мектеп оқушыларына әдеттегідей ыстық тамақ ұйымдастырылмай отырғандығын айтты. Мектепте тіркелген аз қамтылған отбасы балалары үшін «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» қорынан үш отбасынан шыққан жеті оқушыға киім кешек, оқу құралдарын алу үшін 25.000 теңгеден жалпы сомасы 150.000 теңге бөлінгендігі және ата-аналар шотына түсіп, ол қаржының игерілгендігі туралы айтып өтті.
Сөз соңында мектеп директоры «Қамқоршылық кеңесі» мүшелері жұмысына жеміс тілеп, алда бірлесіп атқаратын жұмыстар барысына тоқталып өтті.
Екінші мәселе бойынша полиция инспекторы құқық бұзушылықтың алдын алу барысында атқарған жұмыстарға тоқталды.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті. Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті. Ауыымыздың аудан орталығының шалғайда орналасқандығы және шекара маңына жақын жатқандығы туралы мұңдай жағдайда жүргізілетін іс-шаралар толық мағлұмат беріп өтті. Және республикалық «Абайлаңыз балалар!» акциясы аясында жүргізген жұмыстарына тоқталып өтті. Сонымен қатар балалардың уақтылы сабаққа қатынасуын, оларға кез-келген қысым көрсету фактілерін қадағалау және алдын алу туралы, мереке және күнделікті өмірде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспарлар құрылып мектеп ұжымымен бірлесе отырып жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Оқушылар арасында «Қылмыс ұғымы және оның белгілері» тақырыбында дәрістер оқылғандығы туралы айтып өтті. Аудандық жасы кәмелетке толмағандар ісі жөнінде бөлімде бұл мектеп оқушыларының тіркелмегендігі туралы айтып мектеп директоры және барлық ұжым қызметкерлеріне алғысын жолдап өтті.
Сонымен қатар Ақсу ауылының жан-жағы түгел өзен, көлдер екендігіне, тоқтала келе жаз уақыттарында суға шомылу, қыс уақыттарында мұз айдынында ойнау кезінде болып жатқан төтенше жағдайлар туралы баяндап, балалармен жұмысты бірлесе отырып жүргізуді ұсынды.

«Қамқоршылық кеңес» шешім етеді:
1. Мектеп директорының «Қамқоршылық кеңес» алдындағы есебі қанағаттандырарлық деп табылып, назарға алынсын.
2. Аудандық жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы аға лейтенант Б.М.Досумовтың «Қамқоршылық кеңес» алдындағы есебі қанағаттандырарлық деп табылып, назарға алынсын.


Жиналыс төрағасы: Н.Т.Ахметов
Хатшы: С.Қ. Молдабаев
Мүшелері: Ә.Т.Инкарбеков
Е.С.Есеналиев
Ш.Б.Сарсенбаев
Б.Ө.Жұмабеков
О.М.Орманқұлова
Қ.А.Бошанбеков
Е.Д.Қабдражитов
Н.И.Мамбеталиева