«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»
13
апрель
2023

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»

Шу ауданы, Ақсу ауылы «Жүсіп Баласағұни атындағы орта мектебі» КММ-де 6 сынып жетекшісі Нұрбекова Сымбат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін талапқа сай орындау мақсатындағы іс-шара жоспарына сәйкес 6-ақпан күні «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбында 6 сынып білім алушыларына сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерін жан-жақты дамыту. Әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру.
Сынып бөлмесі таза, санитарлық гигиенаға сай. Көрнекіліктері жеткілікті. Сынып сағаты география бөлмесінде өткізілді. Қатысқан оқушы саны-15.
Оқушыларды екі топқа бөлу арқылы сабақ өткізілді. Екі топтың оқушылары сұрақтарға жауап беріп, сабақтың негізгі мақсатын ашу барысында жұмыстар атқарылды.
Шара жүйелі жоспарланған деп танылып отыр. Мұғалім мен оқушы арасында үйлесімді қарым-қатынас бар, оқушылар тәрбие сағатына шынайы дайындықпен келген.Аудиториялық көңіл күй жақсы.
My Webpage