Суицид Өмірдің өзі күрес » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Суицид Өмірдің өзі күрес
12
декабрь
2022

Суицид Өмірдің өзі күрес

https://www.facebook.com/groups/1597841503618080/permalink/5687272574674932/​​​Шу ауданы, Ақсу ауылы «Жүсіп Баласағұни атындағы орта мектебі» КММ сынып жетекші Чурбаева Қарлығаш 2022-2023 оқу жылындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жөніндегі іс-шара жоспарына
сай «Суицид: Өмірдің өзі күрес» тақырыбында 7 «А» сынып білім алушыларына
сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Білім алушыларға суицид туралы түсінік беру, "адам өмірінің
құндылығын" түсіндіру.
Сынып бөлмесі таза. Көрнекіліктері жеткілікті. Сынып сағаты ағылшын тілі бөлмесінде өткізілді. Қатысқан оқушы саны-18. Сынып бөлмесі санитарлық гигенаға сай.
Мұғалім сөзі: Мұндай мәселені көтермеске, мұны айтпасқа бола ма...
Өмір адамға бірақ рет беріледі. Суицид деген термин 17 ғасырда пайда болған. Ғаламтордың айтуынша суицидтің үш түрі бар. Бірінші-шынайы суицид. Екінші түрі- жариялылық. Үшінші түрі- жасырын суицид. Мұғалім осы суицидтің үш түріне толыққанды тоқталып толыққанды ақпарат берді. АКТ қолданылды. Оқушыларды екі топқа бөлу арқылы сабақ өткізілді. Екі топтың оқушылары сұрақтарға жауап беріп барлық елдерде орын алып жатқан өзекті мәселе туралы пікірлерін айтып, сабақтың негізгі мақсатын ашу барысында жұмыстар атқарылды. Сабақ барысында сабақ тақырыбына сай бейне ролик көрсетіліп, оқушылардың өз пікірлерін тыңдауға уақыт бөлді.