Ж.Баласағұни атындағы орта мектептің 2022-2023 оқу жылындағы 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынның өтілуі туралы » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ж.Баласағұни атындағы орта мектептің 2022-2023 оқу жылындағы 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынның өтілуі туралы
31
январь
2023

Ж.Баласағұни атындағы орта мектептің 2022-2023 оқу жылындағы 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынның өтілуі туралы

Мақсаты: Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға,Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру. Білім күні мерекесін өткізу.Мектеп, ұстазды сыйлау, қадірлеу тәрбиелік пен білімділіктің адам бойындағы ең ұлы қасиеттер екенін шәкірт бойына сіңіру.
Білім күніне жоспар құрылды.Жоспар бойынша оқушылар сапқа тұрғызылды. «Сәлем саған сүйікті,алтын ұя мектебім!»мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Агибаева Шарафат Дәулетқызына берілді.Ақсу ауылының әкімі Айтбай Айдар мырза оқушыларды құттықтап,жылы лебізін білдірді.Құттықтау сөзді 1 сынып ата-аналары жалғастырды.
Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты да болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін!
Төмендемесін талабың!
Сөз кезегін мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндерге берілді.
Білім күніне арналған тақпақтарын,әндерін орындап шықты.
Оқушыларға,ұстаздарға,қонақтарға арнап 11 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына

Алғашқы қоңырау соғу сәтінде 11-сынып оқушылары мен 1-сынып оқушылары өте тамаша орындап шықты.1-сынып оқушылары Бейбітбай Нұрсәт пен Талғат Аиша қоңырау үнімен бірге тілектерін жолдады.
Оқушыларды алғашқы ұстаздары білім жолындағы қызықтарға толы әлемге бастап барды.
Барша оқушыларды білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты тақырыбында сынып сағаттарын өтті.Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында өткен сынып сағаттары өз дәрежесінде өтілді.

Похожие публикации:

11 март 2020 Түлектер
17 сентябрь 2016 Тәрбие жұмысы
16 сентябрь 2016 Алғашқы қоңырау