"Алғыс айту-парызым!" » Ж. Баласағұни отра мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ж. Баласағұни отра мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алғыс айту-парызым!"
13
апрель
2023

"Алғыс айту-парызым!"

Шу ауданы, Ақсу ауылы «Жүсіп Баласағұни атындағы орта мектебі» КММ –де 1 наурыз –Алғыс айту күніне орай іс-шара жоспарына сәйкес 5 сынып жетекшісі Абдыкалыкова Жұлдыз ақпан айында «Алғыс айту-парызым!» тақырыбында 5 сынып білім алушыларына сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойымен іс- әрекетіне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні-Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының, Қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы- Ассамблеясының күні.
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді.
Мемлекет басшысы барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
My Webpage