09
July
2018
Судағы қауіпсіздік
Судағы қауіпсіздік
Жадырап жаз айы да келіп жетті. Күн ысып, балалар суға түсіп, салқындауға асығады. Сондықтан суға шомылғанда барлығымызға су айдыныныдағы қауіпсіздік шараларын сақтай білуімізге тура келеді. Бұл келеңсіз жайттардың алдын-алуға септігін тигізеді.
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, Ж.Баласағұни атындағы шағын орталықты орта мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Макулбеков балалар арасында «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балаларды Ақсу өзеніне апарып, көпірлерді, қауіпті аймақтарды көрсетіп қайтты.
Судағы шомылудың қауіпсіздік шаралары туралы ескертті
-Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
-Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
-Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
-Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
-Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз.
-Техникалық ескерту белгілерінің және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Әр адамның өмірі-қымбат. Осы үшін суда шомылудың өзіндік тәртіптерін қатаң сақтап, есімізден шығарMayық.